Accessibility links

Роланд Гаррос: Шведова мен Щукин келесі кезеңге аяқ басты


Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юрий Щукин Франция ашық біріншілігінің екінші айналымына өтті.

Шведова 6:1, 7:5 есебімен итальяндық Сара Эрраниді жеңсе, Щукин төрт сетте – 3:6, 6:4, 6:2, 6:4 есебімен американдық Раджив Рамды тізе бүктірді. Екінші айналымда Шведова поляк Агнешка Радванскамен, ал Щукин румыниялық Виктор Ханескумен кездеседі.

Евгений Королев пен Андрей Голубев келесі кезеңге өте алмады. Королев 6:1, 3:6, 6:1, 6:3 есебімен серб Новак Джоковичке есе жіберсе, Голубев 6:4, 6:3, 6:2 есебімен американдық Джон Изнерден ұтылды.
XS
SM
MD
LG