Accessibility links

Түркияда жол апатында ресейлік туристер қаза болды


Хабарларға қарағанда, Түркияның оңтүстігінде автобус апатқа ұшырап, 16 жолаушы қаза тапты, 25 адам жараланды. Автобустың ішінде ресейлік туристер болған еді. Анталия әкімінің орынбасары Мехмет Сейманның мәлімдеуінше, құтқару жұмыстары басталған.

Апатқа ұшыраған автобус Алания курортынан Денизли қаласындағы Памуккал сарқырамасына бара жатқан. NTV телеарнасының хабарлауынша көлік жүргізушісі ұйықтап қалған.

Түркияда жыл сайын мыңдаған адам жол апатында қаза болады. Бұл елге жылына 3 миллионға жуық ресейлік турист барады.
XS
SM
MD
LG