Accessibility links

АҚШ құпия әскери миссияларын кеңейтіп жатыр деп хабарланды


АҚШ Иран мен Сауд Арабиясында және Сомали мен басқа да елдердегі бүлікшілер топтары мен қауіп-қатерлерді жою мақсатында құпия әскери миссияларын кеңейтіп жатыр деп хабарланды. New York Times басылымының жазуынша, АҚШ орталық күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус қыркүйек айында құпия жарлыққа қол қойған. Оған сәйкес, АҚШ-тың арнайы операциялары бойынша күштері ақпарат жинау үшін Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы және Африка мүйісіндегі достық қарым-қатынастағы және дұшпан елдеріне жіберіліп, жергілікті күштермен байланыс орнату көзделген дейді New York Times газеті.

Ресми өкілдердің айтуынша, әлгі бұйрықта егер Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі шиеленісті жағдай ушыға түссе, Иранға әскери шабуыл жасалуына мүмкіндік беретін барлау мәліметтеріне қол жеткізуге рұқсат етілген.
XS
SM
MD
LG