Accessibility links

Маған неғыл дейсіз енді?!



Саябақта бір азамат қолына қондырған бүркітті саудалап, 500 теңге төлеген адамның ұстап көруіне болатынын айтып жар салып тұр.

Бүркіт қандай құс? Бүркіт қазақ үшін азаттық, бостандықтың, мәңгілік еркіндіктің, тәкәппарлықтың, биіктіктің символы. Қазақ пен бүркіт – егіз! Дүние ұшақ ойлап таппақ түгілі, патшаларының жібек көйлегінен биті домалап жүрген бағзы заманда қазақ бүркітті қолға үйретіп, аңға салған. Совет жеңісін панфиловшылар саябағында тойлап жатқан Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік байрағында бүркіт бейнеленген.

Сонда кімнің құны 500 теңге?! Оны кім саудалап тұр? Қор болған қасиет. Қазақ...

Саябақтың сол жағында 1917-1920 жылдар делінген ескерткіш бар. Ол ескерткіш совет өкіметі орнауы жылдарына арналған ескерткіш.

Ал, 1917-1920 жыл қазақ тарихында қандай жылдар еді? 1917 жыл – бодандықты сүйек сіңірген, ұлт зиялылыларын
қынадай қырған, Алашорда ұлттық үкіметін құлатқан жыл! 1921-1922, 1931-1932 жылдар... жылдар... – қазақты қолдан аштан қырған, өрімдей ұлды «Отан үшін» дегізіп отқа салып, жесірін қаңғыртып, жетімін жылатқан, қазақ жерінің құнарын жойып тілімдеген, жас қазақтардың қанына қолын малған совет өкіметі орнаған жыл! Ескерткіш Алматының қақ ортасында тұр. Бекер тұрған жоқ, қасқайып тұр. Сол ескерткішті артқа алып, қалың қазақ суретке түсіп жүр...

Комсомолдың 60 жылдығының құрметіне орнатылған (комсомолдардың бәрі жоғарғы үкімет қызметінде!!!) гранит
сынтасқа көзі көк, шашы сары бүлдіршін гүл шоғын қойып жатыр... Сынтас алдындағы гүлдің саны бұған дейін де талайдың тәу еткенің айғақтайды...

Ал Қазақстан президенті 9 мамыр күні Мәскеу төріндегі Қызыл алаңда Ресей қарулы күштерінің салтанатты парадын тамашалап отырды...

Маған неғыл дейсіз енді?!

abdihalyh.imanjusyp.omirjan@gmail.com
XS
SM
MD
LG