Accessibility links

Құлшылық


Қазақ блоггері Болатбек Баянханұлы
Қазақ блоггері Болатбек Баянханұлы
Имам уағыз айтып отыр:

– Ұжымақта бәрі бар. Керегіңді табасың. Онда барған адам «ішкені алдында, ішпегені артында» молшылықта өмір сүреді. Көйлегің көк, тамағың тоқ.

Мен ойлаймын:

«Рахат екен ғой. Өмір-бақи баспанаға жете алмай, айлықпен ғана тақыл-тұқыл күнелткен біз пақыр сол ұжымаққа кіре алар ма екенбіз».

Имам сөзін жалғастырды:

– Алтын, гауһар, жақұт дегендеріңізде есеп жоқ.

Одан әрі еліттім. Тіпті сол байлыққа өзім көміліп отырғандай:

«Ақша шіркін онда да бар екен ау, ә! Бірақ бізге бұйыра ма? Тағы да фәни дүниеде үріп ішіп, шайқап төккендердің жолы болар. Алтын, гауһарыңа да солар иелік етер».

Имам әлі сөйлеп отыр:

– Ұжымақта хор қыздары болады...

«Па, шіркін! Сонда олар қай ұлттың қыздарына ұқсайды екен? Арабтың әйелдері сияқты тұмшаланып жүре ме, жоқ әлде біздердікіндей...»

Имамның уағызы радиодан берілер туристік фирманың жарнамасына ұқсайтындай... «Ұжымаққа жарнама. Анталияға барып демалып келіңіз. Бәрі тамаша!»

B.Baianhan@kaztv.kz
XS
SM
MD
LG