Accessibility links

Ақорда бюджеттің тапшылығын қарызға жамайды


Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі қазақ үкіметінің экономикалық бағдарламасын жүзеге асыруы үшін оған 1 миллиард доллар қарыз беру жоспарын мақұлдады.

Дүниежүзілік банктің Орта Азия аймақтық директоры Motoo Konishi мәлімгендей, «Даму стратегиясын несиелеу» деп аталатын осы жоспарды мақұлдай отырып, Халықаралық қаржы институты қазақ үкіметінің «экономикалық саясаты мен бағдарламасының бағыт-бағдарына» сенім білдіреді.

Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішевтің сөзіне қарағанда, «Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 миллиард долларды 2010 жылғы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру, бюджетте қарастырылған әлдеқайда жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің өсуі мен оған оған кепіл болуы үшін қарыз алып отыр».

Үкімет биыл жалпы ішкі өнімнің көлемі 1,5-нан 2 пайызға дейін ұлғаяды деп жорамалдап отыр.
XS
SM
MD
LG