Accessibility links

Х.Клинтон әлемді Пхеньянға қатаң қарауға шақырды


Сәрсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон халықаралық қоғамды 26 наурызда өзінің сүңгуір қайығының «торпедо» зымыранымен Оңтүстік Кореяның соғыс кемесін жойған Солтүстік Кореяға өте қатаң көзқараспен қарауға шақырды.

Мемлекеттік хатшы бұл пікірін Сеулде Оңтүстік Корея басшылығымен өткізген келіссөзінен кейін білдірді. Оның атап көрсетуінше, ондай қатаң көзқарас «тиянақты, бірақ байыпты жауапты талап етеді» және АҚШ ол жөнінде Оңтүстік Кореямен және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен кеңеседі.

Сонымен бірге Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Цжанг Цжиджун ресми Бейжіңнің «теке-тіреске қарағанда пікіралмасу дұрыс» деп есептейтінін және Оңтүстік Кореяның соғыс кемесін Солтүстік Кореяның атып жойғаны туралы баяндаманы әлі таразылап отырғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде ресми Пхеньян соғыс кемесінің жойылуына еш қатысы жоқтығын мәлімдеп, өзіне жаза қолданылған жағдайда соғыс қимылдарын бастауға әзір екенін ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG