Accessibility links

Ресейде «Катын қырғыны» қайта тергелуі мүмкін


Ресейдегі адамның құқын қорғаушы «Мемориал» қоғамы президент Дмитрий Медведевке үндеу жолдап, одан «Катын қылмыстық ісі» деп аталатын істің тергелу сапасын анықтауды Бас прокуратураға тапсыруды өтінді.

1940 жылы Катын тоғайында 22 мыңдай поляк азаматын жаппай атып қыруға қатысты қылмыстық істі Ресейдің Бас әскери прокуратурасы 2004 жылы жапқан болатын.

Азаттық радиосына үндеуге қол қойған адамның құқын қорғаушылардың өздері хабарлағандай, тергеушілер қолда болған барлық дәлелді тиянақты зерттемеді және өзінің алдында тұрған ең басты міндетінің бірін орындамады.

Тергеу - атылған барлық поляк азаматының және оларды жаппай атуға қатысқан қылмыскерлердің аты-жөндерін түгел анықтамады. Сондай-ақ қылмыскерлердің істеріне заңдық анықтамасын бермеді.
XS
SM
MD
LG