Accessibility links

Иран президенті АҚШ президентіне үндеу жолдады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Вашингтонды өзінің Түркиямен және Бразилиямен арадағы келісім-шартын қолдауға шақырды.

Ұлттық телеарнадан сөйлеген сөзінде Ахмадинеджад АҚШ президенті Барак Обама үшін бұл Теһранмен келісімге келе алатын ақырғы мүмкіндік деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Иран лидері Ресей президенті Дмитрий Медведевті Теһранға қарсы жаңа санкциялар қабылдау туралы АҚШ-тың ұсынысын қолдаудан бас тартуға үндеді.

17 мамырда Иран - Бразилиямен және Түркиямен арада Иранның ядролық отынға қажетті төмен байытылған уранын сақтау және айырбастау туралы келісім-шартқа қол қойған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG