Accessibility links

Ирақ Iraqi Airways әуе компаниясын жабады


Ирақ үкіметі Iraqi Airways мемлекеттік әуе компаниясын жоятын болып шешті.

Ол туралы сәрсенбі күні Ирақтың көлім министрлігі хабарлап, мұндай шешімге көрші Кувейт елі мен әуе компаниясының арасындағы ежелден келе жатқан мүлік дауының түрткі болғанын түсіндірді.

Kuwait Airways компаниясының мәлімдеуінше, Саддам Хусеиннің әскері Кувейтті басып алған 1990 жылдардың басынан бері Ирақ жағы өзіне 1 миллиард 200 миллион доллар қарыз болып келеді.

Iraqi Airways компаниясының орнына Ирақта жаңа әуе компаниясы құрыла ма - белгісіз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG