Accessibility links

Шетелдік мажарлар Мажарстанның азаматтығын ала алады


Мажарстан парламенті шетелдерде тұратын этникалық мажарларға екінші азаматтық беру туралы заң жобасын қолдады.

Жобаға сәйкес, Мажарстанның азаматтығын алғысы келген шетелдік азаматтар өзінің мажарлық тегін растауға және мажар тілін білуге тиіс. Олар кейін Мажарстандағы сайлауда дауыс бере ала ма, ол мәселе әзірше шешілген жоқ.

Мажарстанның бұл әрекеті жалпы халқының 10 пайызға жуығын этникалық мажарлар құрайтын Словакияның наразылығын туғызып отыр.

Ресми Братислава Будапешттің бұл шешімі Словакияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG