Accessibility links

Amnesty International: G20 елдері адам құқын сақтамай отыр


Халықаралық құқыққорғаушы Amnesty International ұйымының баяндамасында, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде адам құқының сақталмай отырғандығы сынға алынған.

Баяндамаға сәйкес, G20 тобына қатысушы елдердегі адам құқының сақталмауы фактісі өзге мемлекеттерге қарағанда көп.

Amnesty International аталған мемлекеттерді Халықаралық қылмыстық сотқа толығымен қолдау көрсетуге шақырып отыр.

Баяндамада, АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан және Индонезия сынды елдер Халықаралық сотты толық қолдамайтындығы жазылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG