Accessibility links

Пәкістанда YouTube-ке қойылған тосқауыл жартылай алынды


Пәкістан билігінің мәлімдеуінше, елде YouTube бейне порталына қойылған тосқауыл жартылай алынып, ал Facebook әлі жабық тұр. Танымал екі ірі сайттың тосқауылға ұшырауына ондағы Мұхаммед пайғамбарға жасалған карикатуралардың пайда болуы себеп болды. Пәкістан билігі, бұл суреттер барша мұсылман әлемінің намысына тиетіндігін жеткізді.

Facebook мамырдың 19 күні жабылып, ертесі YouTube-ке де тосқауыл қойылған еді.

Пәкістанның ақпаратты технологиялар министрлігінің хатшысы Наджибула Маликтің сөзінше, таяу күндері Facebook-тің жабылуына қатысты сот отырысы өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG