Accessibility links

Жәнібек пен Керейдің ескерткішінің ашылуы кейінге қалдырылды


Астанада бейсенбі күні таңертең ашылуы тиіс Жәнібек пен Керейдің ескерткіші техникалық себептерге қатысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған КазТаг агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, бойы 12 метр, салмағы 15 тонналық дайын ескерткішті тұғыры көтере алмауы мүмкін. Сондықтан тұғырды күшейту қажет деп шешілген.

Бұдан бөлек агенттік, өткен түні Астанада хандардың ескерткішін белгісіз біреулер ұрлап кетті деген сыбыс тарағандығын хабарлап отыр. Алайда Астана әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, хандар ескерткішінің ашылуы жуық арада өтетіндігін жеткізді.
XS
SM
MD
LG