Accessibility links

Пхеньян көрші Сеулдің кез-келген кемесін жояды


Солтүстік Корея даулы теңіз шекарасы аумағындағы суда қақтығыстарға жол бермеу туралы Оңтүстік Кореямен арадағы келісімді толық жоятынын мәлімдеді. Бұдан былай, - деп мәлімдеді ресми Пхеньян, - Солтүстік Кореяның теңіз суына түскен Оңтүстік Кореяның кез-келген кемесіне дереу соққы береді.

Бұл мәлімдеме Оңтүстік Корея теңіздің өзіне қарайтын батыс жағалауында сүңгуір қайықтарға қарсы әскери жаттығуларын өткізуінің ізінше бірнеше сағаттан кейін пайда болды.

Өткен аптада тәуелсіз халықаралық комиссия 26 наурызда Оңтүстік Кореяның «Чхонан» соғыс кемесі солтүстік көршісі шығарған «торпедо» зымыранымен атқыланып қирағанын дәлелдейтін есебін жариялады. 46 теңізші құрбан болды.

Коммунистік Корея кеменің қирауына өзінің еш қатысы жоқтығын мәлімдеп, өзіне қарсы санкция қабылданатын болса, соғыс қимылдарын бастайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG