Accessibility links


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Ей, бейбақ, ауруын жасырған ауырмай өледі. Саған сырты бүтін болып көрініп тұрғаны жақсы болып тұр ғой, іші бықсып жатса да. Қайта рақмет айт кемшіліктерін тізіп көрсетіп жатқанына.

Мәулен

(«Амнести Интернэшнл»: Қазақстан – шетел азаматтарына да қауіпті ел» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ертеде Тортай деген тоқал үлкен той жасап, «бұдан былай мені тоқал деп атамаңдар» деп жар салыпты. Жиналған көпшілік мақұлдап, ішіп-жеп тарасыпты. Содан, қарсы жолыққан жұрт «қайдан келе жатырсыңдар?» деп сұраса, «Тортай тоқалдың тойынан келе жатырмыз» депті дейді. Халықтың ақшасын судай шашып, бүкіл дүние жүзінің діндарларын жинап, қайта-қайта өткізген форумдарымыздың нәтижесі - Тортай тоқалдың тойының нәтижесіндей ғана болған екен. Тексіз құлдың іс-әрекетінің нәтижесі әрқашан да осылай болатынын біздің текті шалдар сөйтіп баяғыда-ақ айтып кетіпті.

Ызалы, шарасыз қазақ

(«Амнести Интернэшнл»: Қазақстан – шетел азаматтарына да қауіпті ел» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

"Бас тақырып" , "АйнаLine", "Көкпар" , "Айтыс" тоқтатылды. ... Орнына "Күзгі жапырақ", "Шехризад" (Тәрбиелік мәні жоқ, ерін күнде ауыстыратын), "Бұл Астана","Парламент күнделігі" (Жағымпаздар мекені), "Жасырын камера" (Жығылғанға жұдырық) ... несін айтайын.....
Ой, мен кеттім, "Шехризад" күйеуімен ажырасып, басқа біреуге тұрмысқа шығатын күн бүгін.....

Нұржан Кенже, Алматы

(«Төртінші билік, аман бол!» деген блогқа жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG