Accessibility links

Мәскеу соты В.Путинді куәгер ретінде шақырмайды


Бейсенбі күні Мәскеудің Хамовнический соты «ЮКОС» мұнай компаниясының бұрынғы басшылары Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің екінші қылмыстық ісі бойынша премьер-министр Владимир Путин мен қаржы министрі Алексей Кудринді куәгер ретінде шақырудан бас тартты.

Қорғаушылардың тарапынан куәгер болып бұрынғы премьер, қазір оппозициялық саясаткер Михаил Касьянов пен «Ведомости» газетінің бас редакторы Татьяна Лысова сөйледі.

Бейсенбі күні сотта Лысова Ходорковский мен Лебедевтің өздеріне тағылған айып бойынша 350 миллион тонна мұнайды ұрлауы мүмкін емес деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Отын-энергетикалық кешеннің диспетчерлік басқармасы «ЮКОС» компаниясы өндірген мұнайды тіркемеуі мүмкін емес.

Ходорковский мен Лебедев заңсыз қаржы операцияларын жүргізді деген айыппен түрмеде 8 жылдық жазаларын өтеу үстінде. Оларға енді «мұнай ұрлады» және «арам ақшаны тазартты» деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG