Accessibility links

Үндістандағы теміржол апатынан 30 кісі қаза болды


Үндістанның Батыс Бенгалия штатындағы теміржол апатынан шамамен 30 адам қаза болды. Зардап шегушілер саны өсуі мүмкін. Екі пойыз теміржолдағы жарылыстың кесірінен соқтығысып қалған. Пойыздардың бірі жолаушыларды Мумбайдан Калькуттаға алып бара жатқан еді.

Теміржолдағы жарылыс нәтижесінде 13 вагон релстен шығып кетіп, кейін оларды тауар пойызы соққан. Апат елде коммунистік жүфе орнатуды көксеген маоистердің шабуылы үнемі болып тұратын ауданда тіркеліп отыр. Алайда бұл апатқа моистердің қатысы туралы мәлімет жоқ. Үкімет әскерінің маоистермен күресі барысында соңғы 20 жылдың ішінде 6 мыңнан астам адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG