Accessibility links

Обама Вашингтонда Палестина басшысымен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама мен Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббастың Вашингтондағы кездесуі 9 маусымға белгіленген.

Ақ үйдің хабарлауынша, екі жақ Израильмен бітімге келуді көздейтін тікелей келіссөздерді жалғастыру мүмкіндігін талқылайды. Алдағы сейсенбі күні Обама Вашингтонда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қабылдайды.

Обама Таяу Шығыстағы екі мемлекеттің басшыларымен, Израиль мен Палестинаны татуластырудағы АҚШ-тың дәнекерлік қызметі аясында, бірінші мәрте кездескелі отыр.
XS
SM
MD
LG