Accessibility links

АҚШ пен Жапония әскери базаның орнын ауыстыруы туралы келісті


Вашингтон мен Токио Американың Окинавадағы әскери базасы аралдың басқа бөлігіне ауыстырылатындығы жайлы мәлімдеді.

Келісім бойынша американдық әскерилер аралдың тұрғыны аз шоғырланған жеріне көшіріледі.

Бұдан бұрын Жапонияның премьер-министрі Юкио Хатояма сайлау алдында айтқан, "әскери базаны аралдан көшіріп тастаймын" деген уәдесінде тұрмағандығы үшін кешірім сұраған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG