Accessibility links

Қ.Бакиевтің ұлдары туралы мәліметке Бішкек ақша береді


Қырғызстанның уақытша үкіметі экс-президент Құрманбек Бакиевтің отбасы мүшелерінің қайжа жүргені туралы мәліметке ақшалай сыйақы беруге міндеттенеді. Уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отынбаева осындай нұсқауға қол қойды. Сыйақының мөлшері хабарланбады.

Өткен сәуір айында 100 мың доллар сомасында сыйақы туралы әңгіме шыққан болатын.

Қ.Бакиевтің өзіне бейсенбі күні халықаралық іздеу жарияланды. Оған жаппай кісі өлтірді деген айып тағылып отыр.

Жұма күні президент істерінің бұрынғы басшысы Құрманбек Темірбаевқа іздеу жарияланғаны мәлім болды. Оған жекешелендіру кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдік түсті.
XS
SM
MD
LG