Accessibility links

Пәкістанда полицейлер оққа ұшты


Пәкістанның оңтүстік-батысында полицияның 4 қызметкері өлтірілді.

Белуджистан өлкесінің әкімшілік орталығы – Кветта қаласында мотоциклге отырған 2 белгісіз кісі полицейлердің тобына оқ жаудырды.

Ауғанстанмен және Иранмен шекаралас осы өлкеде ислам экстремистерінің талайы шоғырланған. Осы ауданда діниаралық және ұлтаралық негіздегі қақтығыстар жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG