Accessibility links

Пәкістанда 2 мешітке шабуыл жасалды


Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында 2 мешітке шабуыл жасалды. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.

Пәкістан теледидарының хабарлауынша, жұма намазы кезінде екі мешітке де қол гранаттары тасталыпты.

2 мешіт те исламнан бөлінген Ахмади қауымына жатады және олар бітіспес сүннит топтарының қастандықтарына жиі ұшырап келеді.

Оның алдында жұмада Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында 4 полицей беймәлім қаскүнемдердің оғына ұшып қаза тапты.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG