Accessibility links

Үндістан: апаттан қаза тапқандар 80-ге жетті


Үндістанның Батыс Бенгалия штатында болған теміржол апатынан қаза болғандардың саны, Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, 80-ге жетті. Жапа шеккендердің саны 200-ден асады. Билік құрбандардың саны одан да өсе түсе ме деп алаңдайды.

Қазір апат болған ауданда құтқару жұмыстары жалғасты.

Бастапқыда жолаушы поезы жарылыстың салдарынан рельсінен тайып құлады деп хабарланған болатын. Көп ұзамай билік апатқа осы ауданда әрекет ететін маоистердің көтерісшілері жауапты деп шешті. Кімде-кім теміржолдың бойындағы қауіпсіздік белгілерін қасақана алып тастады деген күдік туды.

Теміржол апаты маоистік бүлікшілердің бекінісі саналатын ауданда болды.
XS
SM
MD
LG