Accessibility links

АҚШ пен ЕуроОдақ Пәкістандағы шабуылды айыптады


АҚШ пен Еуропа Одағы және тағы басқа әлем елдері Пәкістандағы шабуылдарды айыптап отыр. Жұма күні Лахор қаласында Ахмади қауымдастығының мешіттеріне жасалған шабуылдардан кемінде 80 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланған болатын. Құрбан болғандар сенбі күні жерленді.

Пәкістан үкіметі ресми түрде ахмадилерді мұсылмандар емес деп таныған. Әлгі шабуылдарға байланысты жауапкершілікті "Әл-Қаида" мен пәкістандық "Талибанға" қатысы бар бір топ өз мойнына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG