Accessibility links

Таиландта коменданттық сағат тоқтады


Таиланд үкіметі Бангкок пен басқа да өлкелердегі коменданттық сағатты тоқтатты. Премьер министр Абхисит Ветчатчиваның айтуынша, елдегі жағдай бақылауға алынғандықтан мамырдың 19-да енгізілген коменданттық сағатты доғару жөнінде шешім шығарылған.

Бангкокта бір айға жалғасқан толқулар барысында кемінде 85 адам қаза тапты. Үкіметке қарсы наразылық шараларын бұрынғы премьер-министр Таксин Шинауатраның қолдаушылары ұйымдастырған болатын. Шерушілер қазіргі үкімет билікке заңсыз келді деп айыптаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG