Accessibility links

БҰҰ-да ядролық қарусыздану туралы декларация жасалды


Ядролық қаруларды таратпау жөніндегі келісімге қол қойған 189 ел әлемнің ядролық қарусыздануына арналған құжатты мақұлдады. Жұма күні Нью-Йорктегі БҰҰ-ның кеңсесінде жасалған декларация 2012 жылы Таяу Шығыста ядролық қарулар мен тағы басқа жаппай қырып-жою қаруларына тыйым салуды көздейтін келіссөздерді бастауға шақырады. Жоспарланып отырған келіссөздерге Иран мен Израиль де қатысуы керек.

Сонымен қатар аталмыш құжатта АҚШ, Британия, Қытай, Франция, және Ресей елдері тезірек ядролық қаруларын азайтуы тиіс делінген.
XS
SM
MD
LG