Accessibility links

Оңтүстік Кореяда аймақтағы шиеленісті жағдай талқыланды


Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея жетекшілері сенбі күні бас қосып, Кореядағы шиеленісті жағдайды талқылады. Қытай премьер-министрі Уен Жибао мен Оңтүстік Корея президенті Ли Мюнг-бак және Жапония премьер-министрі Юкио Хатояма Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында кездесті.

Өткен аптада тергеушілер Оңтүстік Кореяның әскери кемесіне Пхеньянның шабуылдағанына дәлел бар деген соң аймақтағы шиеленісті жағдай ушыға түскен болатын. Солтүстік Корея болса "Чхонан" соғыс кемесін біз атқылаған жоқпыз деп отыр.

Сеул мен Токио және Вашингтон Бейжіңді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Пхеньянға қарсы қатаң шара қолдануға көндірмекші.
XS
SM
MD
LG