Accessibility links

Франция елшісі: Ашхабад адам құқықтарын жақсартуы тиіс


Францияның адам құқықтары бойынша елшісі Түркіменстан адам құқықтары жағдайын жақсарту үшін көбірек жұмыс атқаруы тиіс деп мәлімдеді. Франсуа Зимерайдың айтуынша, Түркіменстан бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов билігі кезіндегі "апатты" жағдайдан кейін адам құқықтарына қатысты алғабасушылықтар жасаған бірақ әлі көптеген жұмыс жасалуы тиіс.

Зимерай осы аптада Түркменстанға сапары барысында билік орындары оған түрмедегі екі құқық қорғаушы белсендіні көруіне рұқсат бермегенін айтады. Қамаудағы Сапардурды Хажиев пен Аннакурбан Аманклычевтің соттары жабық есік жағдайда өтіп, оларға заңсыз қаруды иеленді деген айыптар тағылған болатын. Адам құқығын қорғаушы бұл белсенділер қазір жетіжылдық түрме жазасын өтеп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG