Accessibility links

Қытай: Корея елдері арасындағы қақтығыстың алдын алу керек


Қытай премьер-министрі Уен Жибаоның мәлімдеуінше, қазіргі басты мақсат - Корея елдері арасындағы дау-жанжалдың алдын алу. Бұл туралы ол Чеджу аралындағы екікүндік басқосудың аяғында хабарлады. Саммитке Оңтүстік Корея мен Қытай және Жапония жетекшілері қатысты. Жиында сауда мәселелері талқылануы тиіс еді бірақ наурыз айында Оңтүстік Кореяның әскери кемесіне жасалған шабуыл төңірегіндегі жағдай басты тақырыпқа айналды.

Халықаралық тергеушілер Оңтүстік Кореяның әскери кемесіне Пхеньянның шабуылдағанына дәлел бар деген соң аймақтағы шиеленісті жағдай ушыға түскен болатын. Солтүстік Корея болса "Чхонан" соғыс кемесін біз атқылаған жоқпыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG