Accessibility links

Түркия Израильге наразылық нотасын табыс етті


Түркия сыртқы істер министрлігі Газа аймағына жүзіп келе жатқан халықаралық «Азаттық флотилиясы» деп аталатын кемелердің қатарындағы түрік қайығына қарсы Израиль әскерилерінің істеген әрекетіне наразылық білдірді.

Мәлімет бойынша, Израиль әскерилері мен Палестинаны қолдайтын «Азаттық флотилиясына» отырған белсенділердің арасындағы қақтығыста кем дегенде 10 адам қаза тапты, оның ішінде Түркия азаматтары да бар.

Наразылық нотасын тапсыру үшін Түркия сыртқы істер министрлігі елдегі Израиль елшісін кері шақыртып алды. Елшіге министрліктің өкілі мәлімдегендей, «израильдіктердің адамгершілікке жатпайтын бұл әрекеті халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылады. Түріктердің «Мәрмәр теңізі» кемесі Газа аймағының тұрғындарына арналған қайырымдылық көмегін тасымалдайды. Мұндай жағдай екі ел қарым-қатынасы үшін қайтып оңалмайтын салдарға апарып соғуы мүмкін. Израиль осы үшін жауап беруі тиіс.

Түрік кемесі Израильдің Газаға теңіз жағынан қойған тосқауылын бұзуды көздеген шараға қатысып, Израиль үкіметі «Азаттық флотилиясын» жібермейтінін ескертіп, қайырымдылық жүгін құрлықпен жеткізуді ұсынған болатын.

Сонымен қатар, Стамбулдағы Израиль консулдығы алдына көп кісі жиналып, Израильден кек алуға шақырды, консулдық ғимаратын таспен атқылады.

Консулдықты қорғау үшін билік полицияның қосымша күшін тартуға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG