Accessibility links

Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


31 мамыр - Қазақстанда өткен ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қуғын-сүргін жылдарында немістер мен чешендер, пантий гректері мен Қырым тартарлары және басқа ұлттар Қазақстанға жаппай қуылды.

Қазақ жерінде қазіргі Қарағанды қаласының маңында лагерлердің бас басқармасы - ГУЛАГ-тың ең ірі лагері – ҚарЛаг орналасты. Оның құрамына "халық жауларының" әйелдеріне арналған Ақмола лагері – АЛЖИР да кірді.

Ресми мәлімет бойынша, жаппай қуын-сүргін саясатынан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. Оның ішінде 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басындағы Совет үкіметі қасақана ұйымдастырған ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының 2/3 жаппай қырылды.
XS
SM
MD
LG