Accessibility links

Әлем елдері Израиль әрекетін айыптады


Еуропа Одағы Израиль әскерилері мен Палестинаны қолдайтын белсенділердің арасындағы қақтығыстың жай-жапсарын тиянақты тергеуді талап етті. Осы қақтығыстың салдарынан кем дегенде 10 адам қаза болып, тағы ондаған адам жараланған болатын.

Оқиға қайырымдылық жүгі тиелген теңіз кемелерінің Газа аймағына қарай жүзіп келе жатқан кезінде болды. Израиль кемелер керуенін тоқтататынын ескерткен көрінеді. Израиль армиясы басшылығының мәлімдеуінше, кемеге аяқ басқан еврей жауынгерлері қарулы шабуылға душар болды.

Араб елдері лигасының Бас хатшысы Әмір Мұса Израиль әрекетін «терроризм» деп бағалады. Соған орай Лиганың төтенше мәжілісі шақырылды.

Осы қақтығыстың салдарынан өз азаматтары жапа шеккен Түркия Израильге наразылық нотасын табыс етті.

Газаға жүзіп келе жатқан кемелерде өз азаматтары болған Грекия да Израильмен бірлескен әскери жаттығудан бас тартты.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG