Accessibility links

Әлем елдері Израиль әрекетін қатаң айыптап отыр


Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак Газа аймағының жағалауындағы Палестинаны қолдайтын белсенділердің ұйымдастырған шарасын «саяси арандатушылық» деп айыптады. Осы оқиға салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты.

Оқиға қайырымдылық көмегі тиеліп, Палестинаны қолдайтын бірнеше жүз белсенді отырған кемелер керуені Газа жағалауына қарай жолға шыққанда өріс алған. Оның алдында Израиль Газаға теңіз жағынан қойылған тосқауылды бұзуға мүмкіндік бермейтінін ескерткен болатын. Израиль армиясы басшылығының мәлімдеуінше, кеменің біріне көтерілген Израиль жауынгерлері қарулы шабуылға ұшырап, оқ атуға мәжбүр болыпты.

Дүние жүзінің көптеген елдерінің басшысы Израильдің бұл әрекетін қатаң түрде айыптап отыр.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бұл оқиғадан қатты шошығанын мәлімдесе, Франция президенті Николя Саркози Израильді шектен тыс күш қолданды деп айыптады.

Еуропа Одағы қайғылы оқиғаны мұқият тергеуді талап етті. Теңіздегі қақтығыста өз азаматтары зардап көрген Түркия өз елшісін Израильден кейін шақырып алатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG