Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ



БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Тұрсын Жұртбай - Нағыз Алаштың Азаматы! Алла разы болсын!
Қорқау билік ештемеден тайсалар түрі жоқ, тіпті ата-баба әруағынан да қаймықпайды. Кешегі кеңес өкіметінде тарихымызды теріс оқытып, қазақты екінші сорт қылғысы келсе, мына биліктің не ойлап отырғаны қазаққа белгілі. Ғалымдарымызды архивке кіргізбеуі сол, оларға дүбәрә, құлақ кесті құлдар керек. Аққа Құдай жақ! Алға, Алаш азаматтары!

Алаш ұлы

(«Тұрсын Жұртбай: Қазақстанда жалғандық үстемдік құрып тұр» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Не қызық, ашаршылық жылдары туылған болсаң, сенің бейнең де суреттегі балалардан аумайтын еді! Бәлкім солардың арасында сенің ет бауыр туысқандарың да болған шығар, аштықтан қатты қиналып, азаптанып, мәңгіреп, ақыры ит өліммен өлген! Тектіден тексіз ұл туса, ұрпағың қайтып жарыған деген рас екен!

Анық

(«Ашаршылық жайлы айтылса, Мәскеудің шамына тиеді» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бұл елде болып, оңып тұрған нәрсе бар ма өзі? 1998 жылы 470 мың болған ақбөкенді 2003 жылы 21 мыңға дейін «өсірген» не деген керемет ел бұл ел!? Бүйтіп жұмыстайтын Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің барынан жоғы жақсы ғой, тым құрығанда халықтың ақшасы артық жұмсалмайды.

Өлмеген құл

(«Киіктер жұқпалы індеттен қырылған дегенге мамандар күмән келтіреді» деген мақалаға байланысты жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG