Accessibility links

Германияға бір айдан кейін жаңа президент келеді


Германияның конституциясына сәйкес, жаңа президент бұрынғы басшы кеткеннен кейін 30 күннің ішінде сайлануы тиіс. Бұл істі парламенттің төменгі палатасы – Бундестаг мүшелері мен неміс федерациясының 16 аймағы қолға алуы қажет болады.

Дүйсенбі күні Германия президенті Хорст Кёлер Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік миссиясында бундесвердің атсалысуына қатысты айтқан өз сөзіне байланысты қызметінен кетуге өтініш берді.

Кёлер өз мәлімдемелерінің бірінде неміс әскери контингентінің Ауғанстандағы миссиясын «Германияның экономикалық мүддесін қамтамасыз ету» уәжімен негіздеген болатын. Бұл мәлімдемеге қатысты ел ішінде өткір пікірталас туып, президент қызметінен өз еркімен кету туралы шешім қабылдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG