Accessibility links

Ресей-Еуроодақ саммиті басталды


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Дондағы Ростовта Еуроодақ жетекшілерімен кездесіп жатыр. Саммит барысында Еуроодақ басшылары құлдырап бара жатқан еуро валютасына Кремль кепілдік береді деп үміттенеді. Ресей валюта қорының шамамен жартысы еуромен сақталады. Өз кезегінде Мәскеуге көбірек технология мен инвестиция керек.

Сонымен қатар жиында адам құқықтары мәселесі көтерілуі мүмкін. Басқосудың алдында Медведев Еуропа Одағының президенті Херман Ван Ромпуймен және Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэл Баррозумен кездесті.

Ал Мәскеу мен Санкт-Петерборда полиция Кремльге қарсы шеруге шыққандарды күшпен таратты.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG