Accessibility links

НАТО Израиль шабуылына байланысты төтенше жиын өткізбек


Түркияның өтінішімен бүгін НАТО Израильдің флотилияға жасаған шабуылына байланысты төтенше келіссөздер өткізеді.

Дүйсенбі күні Израиль әскері Газа секторына гуманитарлық жүкпен аттанған "Азаттық флотилиясының" алты кемесін басып алған болатын. Әскери шабуыл барысында кемінде тоғыз адам қаза болды.

НАТО баспасөз хатшысы Джэймс Апатурайдың мәлімдеуінше, альянс халықаралық суларда адамдардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық танытып отыр.

Сейсенбі күнгі келіссөздерге НАТО-ға мүше 28 елдің елшілері қатысады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG