Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі флотилияға жасалған рейдті айыптады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні Газа жағалауындағы флотилиядағы Израиль рейді барысында қарапайым азаматтардың қаза болуына алып келген әрекеттерді айыптады. Он сағаттан көп уақыт бойы жабық есік жағдайда өткен талқылаулардан кейін Қауіпсіздік кеңесі ресми мәлімдемені мақұлдап, Газаға гуманитарлық көмекпен аттанған флотилиядағы оқиғаларды "әділ" және "ашық" түрде тергеуге шақырды.

Бұл мәлімдеме палестиналықтар мен Араб және Түркия елдері күткеннен әлсіздеу болған. Олар Израиль күштерінің шабуылын "қатаң түрде" айыптауға және "тәуелсіз халықаралық тергеу" жүргізуге шақырған болатын.

Қауіпсіздік кеңесіне мүше кейбір елдер халықаралық суларда кемінде 9 адамның өмірін қиған Израиль рейдін айыптады.

Кеңестегі вето қою құқығына ие Франция, Ресей және Қытай Газадағы Израиль блокадасын алып тастап, халықаралық тергеу жүргізуге шақырды. Ал АҚШ болса, Израиль Газа секторындағы блокадасын аяқтауы керек деп нақты айтпады.
XS
SM
MD
LG