Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Тарихи романдарын оқып, осы ағамнан үміт күтетін елім, үмітім ақталды. Құдайға шүкір, азаматтар әлі де болса бар екен. «Үкімет аз да болса именер» депті ең соңғы комментатор. Мен мынаны басын ашып айтайын – бізде ұялатын, именетін, жөнделетін үкімет жоқ, өйткені оны басқарып, тағайындап отырған адамда иман жоқ. Енді не істемек керек? Олар ұяттары оянып өз еріктерімен отставкаға сірә кетпейді, сайлаудың жағдайы екібастан белгілі.

Қырғыздардан үлгі алуға шақырып, ешкімді арандатқым келмейді. Өйткені, форма киіп жүргендердің де басым көпшілігі – қарапайым қоңыр тірлікпен жүрген өз балаларымыз. Біз бір-бірімізбен қырылысып жатқанда олар тып-тыныш қана шетелде алып қойған виллаларына тайып отырады. Әрине, мәселе – кек алуда немесе біреуді жазалауда емес.

Меніңше, ұлттық құндылықтарымызды, жалпы ұлтымызды сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы – алдымен өз балаларымызға, қала берді – жақын-жуықтарымызға, дос-жарандарымызға, әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, біреуге жайлап, біреуге ыммен, біреуге дәлелдеп, ұлт басына орасан зор қауіп төніп тұрғанын, ол қауіпті төндіріп отырған өз ұлтымыздан шыққан шала сауатты, қазақи патриоттық тәрбиемен шын мәнінде сусындамаған, дүбәрә, қазақша қысқа да нұсқа айтқанда – тексіз басшылар екендігін, сондықтан бұрынғыдай үкіметке сеніп, қапы қалып, қолымыздағы барымыздан айырылып қалып жүрмеу керектігін үнемі айтып отыру керек деп ойлаймын.

Ызалы, шарасыз қазақ

(«Тұрсын Жұртбай: Қазақстанда жалғандық үстемдік құрып тұр» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Мынау нағыз ет сасыса тұз себеміз, тұз сасыса не себебіміздің кері болыпты ғой. Сорлы, бишара үйі жоқ қазақтар ОБСЕ-ден көмек сұрапты. Шапырашты емес дұрыс айтады, оларға Саудабаев көмектеспес.

Бейбіт

(«Шаңырақ» тұрғындары ЕҚЫҰ-дан көмек сұрайды» деген бейнекөрініске орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жас қыздар соншама қандай қылмыс жасаған екен. Бала кезінен түрмеге түсетін болса, олардың келешегі не болмақ. Құрметті автор, маған айтыңызшы бұл колонияда біздің шенеуніктің қыздары бар ма екен? Әй, қайдам, бала-шағаларымен тонналап тонап жатса да, темір тордың арғы жағына түспес. Мұндағы жас қыздардың көбісі тауық ұрлаған секілді болмайтын қылмыспен түскен-ау.

Абылай

(«Қамаудағы балалық» деген бейнекөрініске орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG