Accessibility links

Еуроодақ Ресейдегі журналистердің жағдайына алаңдаулы


Еуропа Одағының президенті Херман Ван Ромпуй Еуроодақ Ресейдегі адам құқықтары белсенділері мен журналистердің жағдайына байланысты алаңдаушылық танытып отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Дондағы Ростовта өткен саммитте айтты.

Сейсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Еуроодақ жетекшілерімен кездесті. Еуроодақ басшылары құлдырап бара жатқан еуро валютасына Кремль кепілдік береді деп үміттенеді. Ресей валюта қорының шамамен жартысы еурода сақталады. Өз кезегінде Мәскеуге көбірек технология мен инвестиция керек.

Осы жағдайда Мәскеу мен Санкт-Петерборда Кремль саясатына қарсы шеруге шыққандарды полиция күшпен таратты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG