Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

«Біткен іске сыншы көп», бауырлар, елді бүлдіретін бос әңгімені қойып, Керей мен Жәнібек аталарымыздың айбыны асқақтағанына қуанайық! Құтты болсын! Жолым түсіп, Астанаға барып жатсам, ең алдымен осы ескерткішке барып, басымды иермін-ау! Міне, Астана енді нағыз Астана болды!

Рафилбек, Орал

(«Хандар ескерткіші президент мүсінінен кейін қойылды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қырғыз Конституциясы – қанмен жазылған Конституция! Преамбуласын «еліміздің еркіндігі үшін қанын төгіп, жанын берген батырларды еске сақтап» деп бастапты. Біздегідей «Ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген сөз жоқ.
Қырғыздарда:
– Президентті қылмыстық жауапкершілікке тарта алады, тіпті «экс-президент» лауазымынан айыра алады;
– Көшедегі митингке толық еркіндік!
– Мемлекет ұлттық дәстүрлерді толық дамытады
– Жеке тұлғаның ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпарат жариялағаны үшін ешкімге қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қазақта:
– Президент ешқандай жауапкершілікке тартылмайды;
– Митинг тұрмақ, үш адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ.
– Ұлттық дәстүр туралы билікте әңгіме де жоқ.
– Жеке тұлғаның ожданына тимек түгілі, ол туралы айтсаң сотталасың!
Міне, қазақпен салыстырғандағы Қырғыз Конституциясының «алтын баптары».

Кенесары, Алматы

(«Жарылған сыздауық» деген блогқа орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Осы оппозиция енді қоя қойса да болады. Қолдарынан ештеңе келмейтін бір жүрген сорлылар екен. Бұлар бар деп өзімізді - өзіміз алдағаннан осылардың жоқ болғаны әлдеқайда дұрыс болар еді, әйтеуір басқа бір жолдарын қарастырасың ғой.

Маңғыстаулық қазақ

(«Оппозиция Астананың ЕҚЫҰ-ға төрағалығын теріс бағалады» деген мақалаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG