Accessibility links

Әзірше "Манаста" АҚШ ұшақтарына жанармай құйылмайды


АҚШ әскери күштері Қырғызстанның "Манас" әуе базасынан ұшақтарына жанармай құюды уақытша тоқтатып отыр. Себебі екі елдің ресми өкілдері жанармайға қатысты келісім-шартты қайта қарап жатыр.

Пентагон баспасөз хатшысы Браян Уитманның мәлімдеуінше, "Манас" базасындағы жұмыстар жалғаса береді. Бірақ жаңа келісім жасалғанға дейін KC-135 ұшақтарына Қырғызстанда қосымша жанармай құйылмайды.

Қырғызстан уақытша үкіметінің жетекшілерінің айтуынша, сәуір айында биліктен қуылған президенттің туыстары АҚШ-пен арадағы жанармай туралы келісім-шарттардан миллиондаған доллар пайда көрген.

АҚШ Ауғанстандағы операцияларына көмектесу үшін "Манас" базасын 2001 жылдың аяғынан бері пайдаланып келеді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG