Accessibility links

Абу-Дабиде ауған азаматтарына есірткі тасымалдады деген айып тағылды


Біріккен Араб әмірліктерінен келіп түскен хабарларға қарағанда, Абу-Даби полициясы құпия агенттерге есірткі сатпақшы болды деген айыппен 3 ауғандық пен Пәкістан азаматын қамауға алған. Күдікке ілінген азаматтардан 16 келі есірткі тәркіленді деп хабарланып отыр.

Абу-Дабидегі Ұлттық басылымның мәліметінше, тағы басқа екі ауған азаматы осындай айыппен сотқа тартылған. Егер олар айыпты деп танылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін. Алайда Біріккен Араб әмірліктерінде өлім жазасы жиі жүзеге асырыла бермейді, өлім жазасына кесілген азаматтар әдетте өмір бойы түрмеде отырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG