Accessibility links

Қытайдағы Тяньаньмэнь қантөгісі туралы ақиқат талап етілді


Қытайдың Тяньаньмэнь алаңындағы қантөгісте құрбан болғандардың туыстары 1989 жылдың 4 маусымындағы оқиғалар туралы ақиқатты талап етіп отыр. Құрбан болғандардың аналары Тяньаньмэнь оқиғаларының 21 жылдығын атап өту мақсатында халықаралық Human Rights Watch ұйымы арқылы хат жариялап, коммунистік елдің басшылығы әлгі қантөгіс туралы барлық ақпаратты әлі де құпия түрде ұстап отыр деп шағымданды.

Олар тәуелсіз тергеу жүргізуге, құрбан болған барлық азаматтардың аты-жөндерін жариялауға және олардың отбасыларына өтемақы төлеуге, сонымен қатар қантөгіске жауапты ресми өкілдерді жазалауға шақырды.

Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңында Қытай күштері демократияны талап етіп шыққан наразылық танытушыларды басып-жаншу кезінде жүздеген адам қаза тапқан болатын. Бұл оқиғалар жөнінде хабарлауға Қытай билігі цензура енгізген.
XS
SM
MD
LG