Accessibility links

АҚШ Әзірбайжан мен Түркияны газ келісіміне қол қоюға шақырды


АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі Әзірбайжан мен Түркияны табиғи газ транзиті дәлізі туралы келісімге қол қоюға шақырды. АҚШ-тың еуразиялық энергетика мәселелері бойынша арнайы өкілі Ричард Морнингстардың мәлімдеуінше, осыдан екі жыл бұрын әзірленген келісім Еуропаның Ресей газына тәуелділігін азайтуды көздейтін батыс елдерінің сеніміне қол жеткізу үшін өте маңызды боп табылады. Бұл туралы ол Каспий теңізіндегі энергетикалық даму туралы Бакуде өткен конференцияда хабарлады.

Еуропа Одағының Оңтүстік дәліз жоспарына деген сенімді күшейту керек деді Морнингстар. Жобаға сәйкес, аталмыш дәліз Каспий газын Ресейді айналып өтіп Түркия арқылы Еуропаға жеткізбек.
XS
SM
MD
LG