Accessibility links

Иран оппозиция жақтастарына рақымшылық жариялады


Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеи, "жаппай наразылық шарасына қатысты" деп тұтқындалған оппозицияның 81 жақтасын босатты.

Хаменеидің мәлімдеуінше, Мұхаммед пайғамбардың қызының туған күні құрметіне орай осындай рақымшылық жарияланып отыр. Әзірге босатылғандардың аты-жөні аталған жоқ.

2009 жылы президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына қатысты жаппай наразылық шарасы барысында мыңдаған адам тұтқындалған еді. Біразы кейіннен босатылғанымен, құқыққорғаушылар жүздеген адам әлі күнге дейін түрмеде екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG