Accessibility links

Ағылшын ханшайымы 12 адамның қазасын "жан түршігерлік оқиға" деді


Британия ханшайымы Екінші Елизавета Англияның солтүстік-батысында Камбрия графтығында 12 адам қаза болып, 25 адам жарақат алған оқиғаны жан түршігерлік деп бағалап отыр.

Полиция ақпараты бойынша, күдікті 52 жастағы такси жүргізушісі Деррик Бёрд сәрсенбі күні Камбрия графтығында көшедегі адамдарға оқ атып, кейін өз-өзін атып өлтірген.

Бёрдтің мұндай қадамға не үшін барғандығын полиция әзірше айта алмайды.

Бұл - Ұлыбританиядағы 1996 жылдан бергі болған қанды оқиға. Сол жылы Шотландияда белгісіз біреу 16 оқушыны өлтірген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG