Accessibility links

Жартытөбедегі граната жарылысынан екі адам мерт болды


Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе округынде жеңіл көліктегі гранатының жарылуынан екі адам қаза тауып, үшінші адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінен.

Граната Достық-2 елді мекеніндегі көшелердің бірінде тұрақта тұрған жеңіл көліктің ішінде түскі сағат 13 шамасында жарылған.

Ақпаратқа қарағанда, көліктің 21 жасар жүргізушісі мен 30 жасар жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Көлік ішіндегі жолаушының туысы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
XS
SM
MD
LG