Accessibility links

Газаға тағы бір қайырымдылық кемесі жүзіп келеді


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Израильден Газа аймағын қоршаудан босатуын талап етті.

Нью-Йоркте Израиль, Түркия, араб елдері және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылатын 5 елдің өкілдерімен кездесуі кезінде Бас хатшы Израильдің іс-әрекетіне Қауіпсіздік кеңесінің наразылық білдіргенін атап көрсетті.

Белгілі болғанындай 31 маыр күні «Азаттық флотилиясы» кемелерімен жүзіп келе жатқан Палестинаны қолдайтын белсенділер мен Израиль әскерилерінің арасында қақтығыс болды. Соның салдарынан 9 адам қаза тапты.

Маусымның 2-сі күні Газа аймағына қарай қайырымдылық көмегі тиілген тағы бір кеме – Ирландия кемесінің жүзіп келе жатқаны туралы ақпар расталды. Кемеде БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы көмекшісі Дэнис Халидэй және Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майрид Корриган Магуайэр бар көрінеді. Ол туралы ДПА агенттігіне «Азат Газа» қозғалысының өкілі хабарлады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG